2025 жылдың 28 қарашасында Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында дәстүрлі «Колледж Барысы–2025» облыстық жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жарыстың негізгі мақсаты —
– ұлттық спорт – қазақ күресін кеңінен насихаттау,
– жастарды салауатты өмір салтына баулу,
– колледж студенттерінің спорттық шеберлігін арттыру.
Бұл бастама өңірдегі спорттық рухты көтеріп, жас буынның ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Жаңғырып келе жатқан дәстүрлі додаға облыс бойынша 10 колледжден 33 спортшы қатысып, жоғары дайындық пен нағыз жігерді көрсетті. Әр белдесу тартысқа толы болып, спортшылар өз шеберліктерін жан-жақты дәлелдеді.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
70 кг салмақ дәрежесі бойынша:
I орын – Сайлауғазы Елнұр
(Шәкәрім жоғары колледжі)
II орын – Жуматаев Мұхамед
(Семей жоғары көп салалы колледжі)
III орын – Сатин Бекежан
(«Қайнар» жоғары колледжі)
III орын – Амангелдинов Ералы
(Шәкәрім жоғары колледжі)
+70 кг салмақ дәрежесі бойынша:
I орын – Сүлейменов Бекежан
(Көлік колледжі)
II орын – Тоқтаров Бердібек
(Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі)
III орын – Талымбеков Мұстафа
(Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі)
III орын – Кизатов Аслан
(Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі)
Жарыс жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және арнайы белбеумен марапатталды.
Ал ең бастысы — «Колледж Барысы–2025» абсолюттік жеңімпазы анықталып, нағыз спорттық рух пен ерік-жігердің үлгісі көрсетілді.
Барлық қатысушыларды нәтижелі өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Жас спортшыларға биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!