Меню KDT

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 қараша күні Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шетел тілі оқытушылары арасында КМҚК «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» базасында «Шетел тілін оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында облыстық мастер-класс (тәжірибе алмасу) өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи тәсілдерді таныстыру және өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инновациялық тәжірибені тарату.


Шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәжірибесімен келесі колледждердің оқытушылары бөлісті:
• «Авиценна» жоғары медициналық колледжі
• Бесқарағай колледжі
• Геологиялық барлау колледжі
• Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі
• Семей жоғары көпсалалы колледжі
• Көлік колледжі
• М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
• «Қайнар» жоғары колледжі
• Шәкәрім атындағы жоғары колледж
• IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі

Практикалық бөлімде шетел тілін оқытуда жасанды интеллектті қолдану, геймификация, мультимедиа құралдары, STEM-тәсілдері, виртуалды шындық және цифрлық платформалар сияқты заманауи әдістер ұсынылды.

Іс-шара педагогтер арасында кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және колледждер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Бұл өңір мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін дамытуға зор үлес қосады.


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 01.12.2025 в 11:13