«Бірге тату өмір сүрейік!»
"Балалар кітапханасы" және "Оқуға құштар мектеп" жобаларын іске асыру аясында 24-28 қараша аралығында біздің кітапханада «Бірге тату өмір сүрейік!» тақырыбы бойынша кітапхана минуттары өткізілді. Аталған кітапхана минуттарында 2 және 3 сынып оқушылары қатысты. Балаларға достық туралы мультфильмдерден бейнежазба ұсынылды. Бейне материалды көргеннен кейін оқушылармен достық тақырыбында әңгімелер өткізілді. "Достық деген не?", "Сіз "достық " ұғымын қалай түсінесіз?", "Достықта не маңызды?" және т. б. мәселелерді бірлесіп талқылады.
Бала кезінен балаларға достар табуға және өздері жақсы дос болуға көмектесетін қасиеттерді сіңіру өте маңызды. Балалық шақ-бұл көңілді, қуаныш пен достық уақыты.
Фото
Комментариев нет
Просмотров: 3