Меню KDT

Мектебімізде ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында “Қазақтың бас ақыны” атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

Мектебімізде ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында “Қазақтың бас ақыны” атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.


Байқаудың мақсаты — оқушыларға Абай мұрасының тереңдігін, адамзаттық құндылықтарын таныту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ой-жазу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға 9–11 сынып аралығындағы білім алушылар қатысып, өз ой-пікірлерін, Абай шығармашылығына деген көзқарастарын эссе арқылы білдірді. Жұмыстарда ақынның адамгершілік туралы қара сөздері, білімге шақыруы, әділдік пен еңбек тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Байқау барысында оқушылардың жазу стилі, тақырыпты ашуы, шығармашылық көзқарасы және Абай мұрасына талдау жасау деңгейі бағаланды. Қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаздарды арнайы марапаттау рәсімінде дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл байқау оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Абайдың мәңгілік мұрасын терең тануға мүмкіндік берді.


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 02.12.2025 в 11:55