«Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны.
Бүгін мектебімізде Астана қаласы білім басқармасы және балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен қаржы мониторингі қызметімен бірлескен жұмыс жоспары аясында 10–11-сынып оқушыларына арналған «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері туралы хабардарлығын арттыру, атап айтқанда: қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық гигиена және өзге де тәуекелдер жөнінде түсінік қалыптастыру. «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған іс-шарада оқушыларға қаржылық сауаттылықты дамытуды көздейтін «Qarzhy Sagshysy» интерактивті ойыны таныстырылды. Шынайы өмір жағдайларына негізделген тапсырмалар арқылы қатысушылар алаяқтардың айла-тәсілдерін танып, олардың құрбаны болмау жолдарын меңгерді, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйренді. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 2