Меню KDT

Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді.

Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Онда құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық әрі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің базалық шарты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқындалған. Осы қағидатты прокуратура органдары қалай іске асырып жатқаны туралы Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттастық.


.Берік Ноғайұлы, жоғары қадағалау, жалпы прокуратура жүйесіндегі жаңашылдық туралы айтып өтсеңіз. Қазіргі сын-қатерлердің өскеніне қарай прокуратура да өз қадағалау тетіктерін жетілдіріп отырғанын көріп отырмыз. – Иә, расында да, бүгінгі трансформациялық үдерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтып отыр. Өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, жеке қауіпсіздігі және құқықтарының қорғалуын, сондай-ақ олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету. Бұл үдерістердің идеологиялық негізі – Президент жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымы. Бұл қағидат қоғамдық құқықтық сананы жаңартудың негізі бола отырып, халықтың жан-жақты қолдауына ие. Маусым айында құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы осы идеологеманы ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажеттілігіне назар аударды. Бұл тезис Президенттің қараша айындағы Жарлығында жалғасын тапты. Онда «Заң мен тәртіп» қағидаты соттар мен құқық қорғау құрылымдарының тиімді жұмысы, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсатта прокуратураның қызмет форматы қайта пайымдалып, адамға бағдарлану және уақтылы іс-қимыл жасауға баса назар аударылады. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары конституциялық құндылықтары болып саналатындықтан, сервистік тәсілді жақсарту мақсатында қадағалау функциялары жетілдіріліп, IT шешімдер енгізіліп жатыр.


Комментариев нет
Просмотров: 36
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 05.12.2025 в 17:26