Астанада атом энергетикасы үшін кадр даярлау жөніндегі АЭХА семинары аяқталды
Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) ұйымдастырған, Қазақстандағы атом саласының адам ресурстарын дамыту және кадрлық мәселелеріне арналған семинар өз жұмысын аяқтады.
Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) ұйымдастырған, Қазақстандағы атом саласының адам ресурстарын дамыту және кадрлық мәселелеріне арналған семинар өз жұмысын аяқтады.
Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, НИЯУ МИФИ және басқа да оқу орындарының 40-тан астам өкілдері, сондай-ақ ҚР Ұлттық ядролық орталығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қызметкерлері қатысты.
Семинардың жетекшісі ретінде АЭХА техникалық сарапшысы Алесия Юникова, Ядролық энергетика департаментінің ядролық білімді басқару бөлімінің өкілі жұмыс жүргізді. Шақырылған сарапшылар ретінде Виталий Шумский (Беларусь) және Озвальд Глоклер (Венгрия) қатысып, жобаларды басқару, лицензиялау, кадрларды даярлау және атом объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар кадрлық стратегияларды қалыптастыру, кәсіби құзыреттерді тұрақты дамыту және атом энергетикасындағы білімдерді басқару бағыттары бойынша АЭХА-ның заманауи тәсілдерін талқылады. Алеся Юникова ұлттық ядролық инфрақұрылым қалыптастырып жатқан мемлекеттер үшін адами капиталды жүйелі түрде дамытудың маңызын атап өтті.
«Білім басқарудың интеграцияланған тәсілі – атом энергетикасы саласындағы ұлттық құзыреттерді қалыптастыру мен қолдаудың негізгі элементі», – деді агенттік өкілі.
Жұмыс сессиялары аясында жоғары білімнің саланы кадрлық қамтамасыз етуіндегі рөлі де қаралды.
Қазақстан тарапынан атом саласына кадрларды даярлауға арналған кешенді ұлттық жоспар жобасы ұсынылды. Жоспар университеттермен ынтымақтастықты, білім беру бағдарламаларын дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру және халықаралық тағылымдамаларды кеңейтуді көздейді.
Болашақта профильдік институттар мен жоғары оқу орындарымен серіктестікті нығайту, мамандардың біліктілігін арттыру және халықаралық тағылымдамаларды дамыту жоспарлануда. Әсіресе, жетекші шетелдік профильдік ұйымдарда тағылымдама бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігі қарастырылуда.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар семинардың практикалық мәнін жоғары бағалап, Қазақстандағы атом саласы үшін білікті кадрларды даярлау саласында АЭХА ұсынымдарын енгізуге дайын екендіктерін білдірді.
Семинар ұлттық компетенцияларды нығайтуға және Қазақстан мен АЭХА арасындағы атом энергетикасын қауіпсіз әрі тұрақты дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізді.
Тараптар семинар барысында алынған тәжірибе мен жаңа білімнің ұлттық кадрлық жүйені дамытуға және халықаралық серіктестікті ұзақ мерзімді перспективада нығайтуға маңызды негіз болатынына сенім білдірді.