Меню KDT

Мектебімізде «Біртұтас ел- біртұтас жер» отан қорғаушылардың идеологиялық негізі тақырыбында ерлік сабағы жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларды патриотизмдік сезімге, елі үшін мақтанышқа тәрбиелеу, Отанның шынайы патриоты мен қорғаушысы бейнесін қалыптастыру, ел мен жердің тарихымен таныстыру, белсенді өмірлік ұстанымын арттыру.Қатысқандар: Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының әдіскері: Наушин Бауыржан Заккиевич Ақтау қалалық «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің ардагері: Утетлиев Тохтар Бекмырзаевич Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстары тобының басшысы, лейтенант: Айыпов Азамат Айыпович және 10-сынып оқушылары.Іс-шара барысы: Ерлік сабағы Мемлекеттік Тудың енгізілуімен және Әнұран орындалуымен басталды. Іс-шараны ұйымдастырушы тарап қатысушылармен таныстырып, тақырыптың маңыздылығын түсіндірді. Құрметті қонақтар оқушыларға Отан қорғаушылардың ел бірлігі мен жер тұтастығын сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды әңгімелер айтып, өз өмір жолдарынан үлгі боларлық деректер келтірді. Ардагер Утетлиев Т.Б. әскери қызметтегі ерлік пен жауапкершілік, батырлық, достық және елге адалдық туралы әсерлі ойларымен бөлісті. Лейтенант Айыпов А.А. қазіргі заман әскері, әскери дайындық, Отанды қорғаудың кәсіби және рухани міндеттері жайында ақпарат берді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, еркін диалог ұйымдастырылды. Іс-шара соңында патриоттық бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға Отан алдындағы жауапкершілік туралы қорытынды сөз айтылды.Нәтиже: Оқушылардың патриоттық сана-сезімі күшейді, ел мен жер тарихына деген қызығушылығы артты.


Қатысушылар Отан қорғаушылардың ерлік жолымен танысып, батырлық, бірлік, жауапкершілік құндылықтары туралы мағлұмат алды. Белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік әсер байқалды. Жауапты: Н.Конысов. #adalazamat


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 12.12.2025 в 17:22