Меню KDT

Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Келісім аясында Астана қаласындағы № 45-ші Келешек мектебінде оқушыларға арналған ең алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды. Меморандумға қол қою шарасына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF), «Жеңіс» спорт клубының жетекшілері, дзюдодан ұлттық құрама мүшелері, олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев қатысты. Келешек мектептерінде оқушылар дзюдо элементтерін жас ерекшеліктеріне сәйкес және ерікті түрде үйренеді. Бұл спорт түріне көңіл бөлінуінің басты себебі мектепте балалардың көбірек қозғалуы маңызды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеудің маңыздылығын ұдайы айтып келеді. Сол себепті біз орта білім саласында спорттың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның ішінде, командалық спорт түрлеріне көңіл бөлінеді. Дзюдоны үйрету барысында алғашқы жылы балалардың қауіпсіздік ережелерін меңгеруі маңызды. Бұл спорт философиясы жастарды қарсыласты сыйлауға, төзімділікке, табандылық пен үйлесімді өмір сүруді насихаттайды. Бұл біздің тәрбиеге жақын. Спорт клиптік ойлау кезеңінде оқушыларды ұстамдылыққа үйретеді», -деді ҚР Оқу-ағарту министр Жұлдыз Сүлейменова.


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 17.12.2025 в 15:12