Меню KDT

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті аяқталды: 13-ші мектеп ашылды

Бүгін, 18 желтоқсан күні Ақтау қаласының 16-шағынауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №35 жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша іске қосылған он үшінші мектеп.


Жаңа форматтағы білім беру ұйымы 1 500 оқушыға есептелген. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын мектепте 77 пән кабинеті қарастырылған. Олардың ішінде дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, визуалды өнер, үй мәдениеті, робототехника, STEM және музыка бағытындағы арнайы сыныптар бар. Білім ордасы заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтылып, оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік дамуына қолайлы орта қалыптастырылған. #келешекмектептері⚜️


Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 19.12.2025 в 11:55