Меню KDT

2025–2026 оқу жылына жоспарға сәйкес, мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ–2026) тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға: ҰБТ–2026 өткізу мерзімі мен форматы; тестілеудің пәндер комбинациясы; шекті балл талаптары; тест тапсырмаларының құрылымы; апелляция беру тәртібі; онлайн және офлайн форматтағы мүмкіндіктер; қауіпсіздік талаптары мен академиялық адалдық қағидалары туралы толық мәлімет берілді. Сондай-ақ, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, ҰБТ-ға дайындық бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.


Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде түлектер ҰБТ-2026 талаптарымен толық танысып, алдағы тестілеуге дайындық бағыттарын нақтылады. Қатысушылар саны: 97 оқушы, 15 педагог. Жауапты: А.Б.Енсегенова.


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 22.12.2025 в 16:37