Меню KDT

22 желтоқсан Архившілер күніне «Архив – ұлт тарихының куәсі» атты шара өтті

Атырау облысы мемлекеттік архиві 22 желтоқсан архившілер күніне - тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін архивистер күнін«Архив – ұлт тарихының куәсі» тақырыбымен атап өтті.


Атырау облысы мемлекеттік архиві 22 желтоқсан архившілер күніне - тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін архивистер күнін«Архив – ұлт тарихының куәсі» тақырыбымен атап өтті.
Архившілер күні кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға архив саласының мамандары, ардагерлер қатысты.
Архив – шаң басқан құжаттардың жинағы емес, ол алдымен тарихтың негізі, өткеннің ескерткіші. Ешбір тарихшы дерек, құжатсыз тарихи жаңалық ашып, тұжырым жасай алмайды. Архив болмаса адамзаттың өткенге көз жіберуі, бүгінгіні түсінуі, ертеңгіні жасауы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне “22 желтоқсан – Архившілер күні” енгізілді.
Архивті ұлттық құндылық, халық жады, тарихи танымның болашақ үшін негізі ретінде сақтау – архивистердің бірінші азаматтық парызы. Архив қызметкерлері – тарихтың шын жанашырлары.
Архившілердің кәсіби мерекесі аясында Атырау облысы мемлекеттік архиві өңір тарихы бойынша шетел архивтерінен анықталған құжаттар негізінде «ЕЛ МҰРАСЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ» жинағы жарық көріп, тұсау кесері өтті.
Шара барысында өз ісінің үздіктері – архивистер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Архив ісінің үздігі» төсбелгісімен,«Алғыс хатымен», Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Алғыс хатымен» және Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлістігінің «Еңбек Данқы» төсбелгісімен марапатталды.




















Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: arhivatyrau.kdt.kz
Добавлено: 22.12.2025 в 16:57