Akelius бастамасы: көптілді білім беру жағдайында педагогтердің цифрлық және кәсіби құзыреттілігін дамыту
Akelius бастамасы: көптілді білім беру жағдайында педагогтердің цифрлық және кәсіби құзыреттілігін дамыту
Akelius цифрлық тілдерді меңгеру бастамасын іске асыру аясында көптілді, инклюзивті және цифрлық білім беру ортасында жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жоба тілдерді оқытудың заманауи әдістемелерін енгізуге және мұғалімдердің оқу процесінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалануы бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Педагогтерді оқыту цифрлық және аралас педагогиканың негізгі қырларын, инклюзивті білім беру мәселелерін, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту барысында Akelius платформасын практикалық тұрғыда қолдануды қамтиды. Сараланған оқытуға, оқытуды дараландыруға және әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Семей қаласында бастаманы іске асыруға үш жалпы білім беретін мектеп қатысады. Осы білім беру ұйымдарынан жобаға 15 педагог тартылып, олар оқыту мен біліктілікті арттырудан өтуде. Жобаға қатысу мұғалімдердің кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар тілдік білім беруге цифрлық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасуға да ықпал етеді.
Бастаманы іске асырудың ағымдағы кезеңінде білім алушылармен жұмыс істеуге арналған планшеттер алынды. Қазіргі уақытта жабдықтар техникалық тексеруден өткізіліп, баптау және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жұмыстары жүргізілуде. Дайындық іс-шаралары аяқталғаннан кейін планшеттер оқу процесіне енгізіліп, цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім алушыларды ынталандыруға, оқытудың тиімділігін және тілдерді меңгеру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.