Меню KDT

«Ерлікке тәрбиелеген ер Бауыржан» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” ЖОБАСЫ. Халық қаһарманы, көрнекті жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (24.12.1910–10.06.1982) толуына орай «Ерлікке тәрбиелеген ер Бауыржан» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, ерлік істерімен таныстыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, елге, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, батырдың өнегелі өмірін үлгі ету.


Сабақ барысында батырдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі, әскери қолбасшылық қасиеті, нақыл сөздері мен шығармалары таныстырылды. Оқушылар Бауыржан Момышұлы туралы бейнеролик көріп, мәнерлеп өлең оқып, сұрақ-жауап арқылы белсенді қатысу көрсетті. Сонымен қатар, батырдың ерлік пен намыс, отансүйгіштік туралы айтқан қанатты сөздеріне талдау жасалды. Танымдық сабақ оқушылардың тарихи тұлғаға деген қызығушылығын арттырып, елін қорғаған ерлерге құрмет сезімін қалыптастырды. Жауапты: сынып жетекшілер


Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 24.12.2025 в 18:07