Меню KDT

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік сабағы»


24 желтоқсан күні мектебімізде қазақтың даңқты ұлы, халық батыры, талантты қолбасшы, жазушы, «Халық Қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік сабағы» өткізілді. Ерлік сабағының мақсаты – жас ұрпақты Отан алдындағы борышқа деген құрметке, патриоттыққа баулу, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен рухты қалыптастыру.
Ерлік сабағына С.Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Аманжолов Рахметолла Аманжолұлы мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смағұл Жетпіс Әдбігалиұлы қатысты. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен балалық шағы туралы мәліметтер берілді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларға Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері негізінде оның ерлік жолы түсіндіріліп, тағылымды ақыл-кеңестер айтылды. Іс-шара патриоттық рухта өтіп, оқушылар белсене қатысты.
«Ерлік сабағын»ұйымдастырған:мектептің әлеуметтік педагогы Дюсембина Б.А және тарих пәнінің мұғалімі Мажитова Г.Н ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 23.12.2025 в 19:32