«Қар ханшайымы» жаңа жылдық ертеңгілік.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында 1–4 сынып оқушыларына арналған «Қар ханшайымы» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, достыққа, бір-біріне қамқор болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындар мен би қимылдарын орындап, өлеңдер айтты. «Қар ханшайымы» ертегісі арқылы жақсылықтың әрдайым жамандықты жеңетіні, мейірім мен адалдықтың маңызы көркем түрде көрсетілді. Балалар мерекелік қойылымға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жаңа жылдық іс-шара оқушыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, мерекелік атмосфера қалыптастырылды. Бұл ертеңгілік оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыруға және ұмытылмас әсер алуларына ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ