Меню KDT

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»


#Адал_азамат
#Зорлық_зомбылықсыз_16_күн
#16_дней_без_насилия
#Жастар_болашақ_үшін
2025 жылдың 3 желтоқсанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Stop Digital Violence» челлендж-флешмобы ұйымдастырылды.
Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысып, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ интернеттегі құрмет пен жауапкершілік мәдениетінің маңызын насихаттады.
Флешмоб барысында оқушылар онлайн ортаны қауіпсіз етуге, бір-бірін қолдауға және кез келген зорлық-зомбылық түріне «ЖОҚ!» деп айтуға шақырды. Бұл шара мектеп оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымын және ортақ жауапкершілікке деген ынтасын көрсетіп, олардың саналы цифрлық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесін айқындады.


Комментариев нет
Просмотров: 40
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 04.12.2025 в 12:25