Меню KDT

«Ақбота» Республикалық байқау


 
#«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де апталық дәстүрге айналған жалпы мектепішілік жиын бүгін де ерекше қуанышқа толы өтті.
Әдеттегідей, бұл шарада оқушылардың жетістіктері мен белсенділігі атап өтіліп, үздіктер марапатталды.
Бүгінгі жиынның басты қуанышы— «Ақбота» республикалық байқауына қатысқан 1–4 сынып оқушыларының марапатталуы болды. Байқау нәтижесі бойынша жас білімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болып, өздерінің талпынысы мен еңбегінің жемісін көрді.Ұстаздар оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін ерекше атап өтіп, олардың бұл жетістігі— мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен жауапкершіліктің нақты көрінісі екенін айтты.
Мұндай марапаттар балаларға үлкен мотивация беріп, өз-өзіне деген сенімді арттырады.
Әрбір жеңіс—жаңа белестерге бастайтын қадам!


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 08.12.2025 в 15:51