Меню KDT

Қазақстандағы АЭС үшін халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндіктері мажарлық MVM Group компаниясымен талқыланды

«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Ернат Бердіғұлов Мажарстанның энергетикалық компаниясы MVM Group басшылығымен атом электр станцияларына арналған заманауи салқындату жүйелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуін өткізді.


«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Ернат Бердіғұлов Мажарстанның энергетикалық компаниясы MVM Group басшылығымен атом электр станцияларына арналған заманауи салқындату жүйелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуін өткізді.

Салқындату жүйелері атом электр станциясының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, әрі ол станцияның қауіпсіздігіне, сенімділігіне және пайдалану тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кездесу барысында мажар тарапы энергетикалық нысандарға арналған құрғақ, ылғалды және аралас салқындату жүйелері бойынша өз шешімдерін ұсынды, сондай-ақ Қазақстандағы АЭС құрылысы жобаларына қатысуға қызығушылық білдірді.

MVM Group өкілдері АҚШ-та, Ресейде және Азия елдерінде қолданылатын әртүрлі реакторлық технологиялармен жұмыс істеудегі ауқымды тәжірибесін атап өтті. Бұл компанияға техникалық шешімдерді әртүрлі технологиялық және климаттық жағдайларға тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, ықтимал ынтымақтастық бағыттары бойынша диалогты жалғастыруға, соның ішінде компания мамандарының практикалық тәжірибе алмасуы үшін Қазақстандағы АЭС құрылыс алаңдарына сапарларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.


Комментариев нет
Просмотров: 21
Автор: knpp
Сайт: knpp.kz
Добавлено: 08.01.2026 в 18:00