Калорияларды есептеуді танымал ету апталығы
Алдын алу жұмыстары және дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру аясында біздің емханада калорияларды есептеуді танымал ету апталығы өтуде.
Калорияларды есептеу — тамақтануды бақылауға, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға және семіздік, 2-типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму қаупін төмендетуге көмектесетін тиімді құрал.
Неліктен калорияларды есептеу маңызды?
тағам өнімдерін саналы түрде таңдауға көмектеседі;
порция көлемін бақылауға мүмкіндік береді;
салмақты азайтуға немесе тұрақты ұстауға ықпал етеді;
жалпы көңіл-күй мен энергия деңгейін жақсартады.
Маңызды ақпарат
Калорияларды есептеу — қатаң диета емес, ағзаның қажеттіліктерін жақсырақ түсінудің жолы. Тәуліктік калория мөлшері жасқа, жынысқа, физикалық белсенділік деңгейіне және денсаулық жағдайына байланысты. Тамақтану рационы теңгерімді болып, ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералдарды қамтуы тиіс.
Пайдалы кеңестер
табиғи және аз өңделген өнімдерді таңдаңыз;
қантты, тұзды және қаныққан майларды тұтынуды азайтыңыз;
тамақтану режимін сақтаңыз;
калорияларды есептеу үшін тамақтану күнделігін немесе мобильді қосымшаларды пайдаланыңыз.
Емханамыздың мамандары тамақтану рационын өзгертер алдында дәрігермен немесе диетолог-дәрігермен кеңесуді ұсынады.
Дұрыс тамақтану — белсенді әрі ұзақ өмірдің кепілі!
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

Комментариев нет
Просмотров нет