Меню KDT

11-сынып білім алушыларына 14-15 желтоқсан күні Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) психологиялық жағынан даярлауға бағытталған арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық іс-шара өтілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың емтихан алдындағы қобалжуын төмендету, өз күшіне деген сенімділігін арттыру, эмоциясын басқару дағдыларын қалыптастыру және стресс жағдайында тиімді әрекет етуге үйрету.


Тренинг барысында оқушыларға: • ҰБТ-ға қатысты қорқыныш пен мазасыздықтың себептері түсіндірілді; • Психологиялық шиеленісті жеңілдету тәсілдері (тыныс алу, релаксация, позитивті ойлау) үйретілді; • Өзін-өзі реттеу, зейінді шоғырландыру, уақытты тиімді пайдалану дағдылары дамытылды; • ҰБТ кезінде кездесетін психологиялық кедергілерді жеңу жолдары қарастырылды. Тренинг интерактивті әдістер арқылы (жаттығулар, ойын элементтері, топтық жұмыс, пікір алмасу) жүргізіліп, оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде білім алушылар ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайын болып, емтихан жағдайында өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге бейімделді. Жауапты маман: мектеп психологы Әліпова Мөлдір Сейілханқызы


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 16.01.2026 в 13:05