Меню KDT

Мектеп парламенті «Жауапкершілік және заң» атты инфографиканы тарату акциясын ұйымдастырды.


#Адал_азамат
#Жауапкершілік_және_заң
#Жауапты_салық_төлеуші
#Ответственность_и_закон
Оқушылардың салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілігін дамыту мақсатында мектеп парламенті «Жауапкершілік және заң» атты инфографиканы тарату акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ата-аналарға құқықтық сауаттылықты арттыруға, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге және әрбір азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық парақшалар таратылды. Инфографика қолжетімді әрі түсінікті форматта ата-аналар қауымын салық мәдениетінің негіздерімен және заңға бағыну қағидаларымен таныстырды.
Өткізілген акция азаматтық белсенділікті, құқықтық сананы және жауапкершілікті дамытуға ықпал етті.


Комментариев нет
Просмотров: 22
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 14.01.2026 в 09:07