2025 жылғы 24 желтоқсанда Абай облысы білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес кәсіби бағдар беруші мамандардың қатысуымен «Alikhan Bokeikhan University» ғимаратында ауқымды «Кәсіби бағдар беруші педагогтің тәжірибесінен: мамандық таңдауға бағыттаудың тиімді тәсілдері» облыстық семинары өтті.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты: білім алушылардың саналы мамандық таңдауына ықпал ететін тиімді кәсіби бағдар беру тәсілдерімен таныстыру, педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби құзыреттілігін арттыруға жағдай жасау.
Семинарға 200-ден астам кәсіби бағдар беруші маман қатысты.
Іс-шараны салтанатты түрде Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры А. С. Исабаева кіріспе сөзімен ашты.
Семинар 3 бөлімнен тұрды:
1 бөлім - Теориялық негіздер бөлімін Абай облысының қоғамдық кеңес мүшесі, «Alikhan Bokeikhan University» ББМ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Базенов Айрат Базенұлы «Кәсіби бағдар беруші педагогтің тәжірибесінен: мамандық таңдауға бағыттаудың тиімді тәсілдері» баяндамасымен бастап, генетикалық бейім мен қабілет тек бағыт көрсетуші фактор екенін, ал дұрыс орта мен педагогтің тиімді әдістері оқушының саналы әрі тұрақты мамандық таңдауына әкелетінін атап өтті. Бөлім жұмысы инновациялық-әдістемелік орталықтың оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бөлімінің басшысы Алиева Толеугайша Авалкановнаның «Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың тиімді модельдері» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты.
2) 2 - Тәжірибемен таныстыру бөлімінде Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ кәсіби бағдар беруші педагогі Саметекова Жанар Бейсеновна өзінің «Мамандықтар әлемі: болашаққа қадам» апталығын ұйымдастыру тәжірибесін, Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ кәсіби бағдар беруші педагогі, Изатова Гульмира Бекетаевна «Важность развития soft skills при выборе будущей профессии» тақырыбында, «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының кәсіптік бағдар беруші педагогі Сексенбаева Дана Бауыржановна «7–11-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар жұмысының сатылы жүйесі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Рамазан Әлібек Ерболұлы мен Семей қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Нұрмұханбетова Балнұр Қарқынқызы «Болашақ мамандықты таңдауда психологиялық қолдаудың рөлі» бірлескен тренингін өткізді.
3 - Мамандықтар платформасы бөлімінде Семей қаласы білім бөлімінің «№ 23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ кәсіби бағдар беруші педагогі Турсын Азамат Сериккалиұлы, Аягөз ауданы білім бөлімінің «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ кәсіби бағдар беруші педагогі Кәрімова Еркежан Амангелдіқызы мамандық таңдауға бағыттаудағы цифрлық платформалармен таныстырды.
Шара соңында қатысушылар кері байланыс жасап, семинардың өзектілігіне тоқталды. Педагогтер заманауи кәсіби бағдар беру жұмысында тек дәстүрлі әдістермен шектелмей, цифрлық платформаларды қолданудың және оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында өз тәжірибесін ортаға салған спикерлер Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Бұл семинар Абай облысындағы кәсіби бағдар беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, мектеп пен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.