2025 жылғы 24 желтоқсанда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рымбек Байсеитов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «4К дағдылары – оқыту әдістемесін жетілдіру құралы» тақырыбында облыстық workshop өтті.
2025 жылғы 24 желтоқсанда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рымбек Байсеитов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «4К дағдылары – оқыту әдістемесін жетілдіру құралы» тақырыбында облыстық workshop өтті.
✨2025 жылғы 24 желтоқсанда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рымбек Байсеитов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «4К дағдылары – оқыту әдістемесін жетілдіру құралы» тақырыбында облыстық workshop өтті.
Мақсаты: Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «ZHAS team» қауымдастығына мүше жас мамандарына 4К дағдыларын тиімді қолдану арқылы оқыту әдістемесін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру тәжірибелерін меңгеруге жағдай жасайтын интерактивті орта қалыптастыру.
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Нурашева Эльмира Нурашевна семинар қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.
Workshop бағдарламасына танысу тренингі, тақырыптық баяндамалар және креативтілік, коллаборация, коммуникация және сыни ойлау төрт бағыты бойынша ұйымдастырылған шеберлік алаңдары енді. Қатысушылар білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық әдістерді меңгерді.
Іс-шарада «Рымбек Байсеитов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК директоры Абылкасымова Лариса Оралбаевна, директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары Фольмер Динара Тахировна, әдіскер Алимгожина Майнур Гапаровна сөз сөйледі.
Практикалық бөлімде колледж оқытушылары Мукушева Лаура Надырбековна, Айтмағанбетова Айдана Тлеуғабылқызы, Мукушева Лаззат Абдикаримовна, Исмагилова Пакизат Ербулатовна, Әнуарова Іңкәр Бақытханқызы, Игишов Ернар Төлеутаевич, Сагимбаева Мария Александровна, Муратканова Айдана Талғатқызы шеберлік сабақтарын өткізді.
Workshop соңында «ZHAS team» жас педагогтер қауымдастығының жетекшісі Абдыльдинова Айман Жумашевна жалпы қорытынды жасады. Жас педагогтер іс-шараның практикалық маңызын атап өтіп, бұл кездесу Абай облысының жас мамандары арасында кәсіби қауымдастық қалыптастырудың маңызды қадамы болғанын жеткізді. Сонымен қатар,
4К дағдыларын енгізу студенттердің оқу сапасын арттыруға және ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттерін дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
Комментариев нет
Просмотров: 13