Облыстың әлеуметтік педагогтері жеңіс тұрғысынан көрінді
Облыстың әлеуметтік педагогтері жеңіс тұрғысынан көрінді
Әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесіндегі теориялық-әдіснамалық
эволюцияны, заманауи ғылыми парадигмаларды және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді халықаралық деңгейде талқылау арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау, сондай-ақ әлеуметтік- педагогикалық қызметтің болашақ мамандарын кәсіби құзыреттілікке даярлаудың тиімді үлгілерін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында «Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы: тәжірибесі және стратегиялық перспективалары» халықаралық open space шарасы өтті. Бұл іс-шара әлеуметтік-педагогикалық білімнің дамуына үлес қосатын инновациялық идеялар мен тәжірибелерді алмасу үшін тиімді алаң құруға бағытталған.
Аталған іс-шарада облыс намысын қорғап, өзінің кәсіби шығармашылығымен ерекшеленген Жаңасемей ауданы, Жарқын орта мектебінің педагогі Бекенова Мақпал Бейбітқызы екі номинация бойынша жеңіс тұғырынан көрініп, Бас жүлде және 1 орынды жеңіп алды.
Үржар ауданы, «Егінсу орта мектеп-бақшасы» КММ әлеуметтік педагогі Шортанбаева Аккенже Ахановна, Аягөз ауданы, білім бөлімінің
«№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогі Адилбекова Айгерим Нурлановналар әділқазылар шешімімен 3 орын иегері атанды.
Облысымыздың намысын қорғаған жүлдегерлерді құттықтаймыз, білім беру жолында абыройларыңыз асқақтай берсін!🎉
Комментариев нет
Просмотров: 7