Меню KDT

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ өткізілді

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ өткізілді


МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ өткізілді

2025 жылғы 27 желтоқсан күні Балалар өнер мектебінде қосымша білім беру ұйымының педагогтері мен ата-аналары, білім алушылары үшін шығармашылық өнер алаңы ұйымдастырылды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасын жүзеге асыру аясындағы шығармашылыққа толы шара бағдарламаның құндылықтарын насихаттаудағы игі шара болды.

Іс-шараға облысымыздың қосымша білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық педагог, ата-ана және білім алушы қатысты.

Іс-шара педагогтер мен ата-аналардың кәсіби шеберлігін, инновациялық шығармашылық көзқарасын білдіру және өзгелерге шабыт беру, сонымен қатар қосымша білім беру саласындағы жаңашыл, педагогтердің кәсіби жетістіктерін қолдау және насихаттау, шығармашылық ізденісті арттыру арқылы балалардың қызығушылығын оятатын музыкалық шығарманы креативті орындаудың әдіс-тәсілдерін ұсыну мақсатында өткізілді.

Қатысушылар шара аясында «Өзің таң қал, өзгеге шабыт сыйла!» ұранына сүйеніп, шабыттанып, өзгеше ойлауға бет бұрғандары жайлы пікір білдірді және тоғысқан тың шешімдердің, жарқын шығармашылықтың мерекесі болғанын ерекше айтып өтті.

#Адал_азамат_Абай_облысы
#Шабытжобасы


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 30.12.2025 в 16:17