Меню KDT

Абай облысының "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ әдіскерлері мен "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің мамандарының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

 Абай облысының "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ әдіскерлері мен "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің мамандарының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. 


✨Бүгін Абай облысының "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ әдіскерлері мен "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің мамандарының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Бұл айтулы шара Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрықтарына сәйкес, сондай-ақ 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен қолға алынған, инновациялық-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен бұл білім додасы Абай облысында төртінші рет өткізілуде. Айта кететін жайт, биылғы жылы олимпиадаға қатысуға ниет білдірген бастауыш сынып мұғалімдерінің қатары өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскені байқалады.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін дамыту және ұстаз мамандығының мәртебесін арттыру. Сонымен қатар, бұл шара республика көлемінде бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жолдарын үйренуге бағытталған. Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдерде озық шыққан жүлдегер мұғалімдер жиналды.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес, таңғы сағат 08:30-дан бастап қатысушылар тіркеуден өтіп, 09:30-да олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Сағат 10:00-де басталған негізгі кезеңнен кейін жұмыстарды тексеру, апелляциялық шағымдарды қарау және қорытынды хаттамаларды толтырып, орындарды тағайындау жұмыстары жоспарланған.
Бұл дода - шығармашыл мұғалімдерді анықтап, оларды қолдау мен ынталандырудың бірегей алаңына айналып отыр.


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 06.01.2026 в 16:41