Меню KDT

Абай облысының білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы - жас ұрпақтың рухани кемелденуіне бағытталған игі бастама

Абай облысының білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы - жас ұрпақтың рухани кемелденуіне бағытталған игі бастама


✨Абай облысының білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы - жас ұрпақтың рухани кемелденуіне бағытталған игі бастама. Жоба аясында бүгінге дейін 1238 көркем әдеби шығарма оқылып, балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, рухани көкжиегі кеңейе түсуде.

Оқушылар мен педагогтердің кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында қолға алынған «10 кітап – 1 мақсат», «Бір айда – бір кітап» облыстық жобалары нәтижесінде 300-ге жуық көркем туынды оқылып, талқыланды. Бұл - оқу үдерісінде тек білім ғана емес, тәрбиенің де өзекті болып отырғанының айқын дәлелі.
Кітап оқу – баланың жан-дүниесін байытып, дүниетанымын кеңейтіп, оны саналы, ізгілікті әрі адал азамат болып қалыптастырудың қуатты құралы.

📖 Әр оқылған кітап – жаңа ойдың бастауы, тәрбиелік мәні зор қадам.

📚 Кітаппен тілдескен ұрпақ – ел болашағының тірегі.

Алдағы уақытта да «Балалар кітапханасы» жобасы өз жалғасын тауып, кітапты серік еткен оқушылардың қатары арта беретініне сенім мол.


Комментариев нет
Просмотров: 15
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 06.01.2026 в 16:49