Меню KDT

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Абай облысында «Келешек мектептердің» бірыңғай моделін айқындауға бағытталған «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өтті.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Абай облысында «Келешек мектептердің» бірыңғай моделін айқындауға бағытталған «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өтті.


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Абай облысында «Келешек мектептердің» бірыңғай моделін айқындауға бағытталған «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына өңірдегі келешек мектептердің басшылары, директордың орынбасарлары мен педагогтері қатысты. Іс-шара барысында Облыстық инновациялық әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары білім алушылардың тұрғылықты жері мен отбасы жағдайына қарамастан сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар, мектеп ұжымдарына әдістемелік қолдау көрсету аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асу алгоритмі мен тәрбие жұмысының экожүйелік моделі ұсынылды.
Семинар аясында бағдарламаны іске асыруға бағытталған әлеуметтік жобалар таныстырылып, қатысушыларға арналған тәжірибелік воркшоп ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, білім алушыларға ерте жастан кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға даярлау, тұлғалық даму траекториясын қалыптастырудағы MyIDP платформасының маңыздылығы кеңінен талқыланды. Құндылыққа негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру, құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, сабақтан тыс іс-шараларды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Іс-шара барысында «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорының тәрбие бөлімінің әдіскері Д. Қалық «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтары, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы заманауи тәсілдер мен практикалық ұсынымдарымен бөлісті.
Семинар қорытындысында қатысушылар тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау, мектеп мәдениетін қалыптастыру және экожүйелік көзқарасты тәжірибеде тиімді қолдану бағытында құнды ақпарат алды.
Мұндай мазмұнды кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға және тәрбие жұмысын жүйелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 06.01.2026 в 16:53