Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығы «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған физика, химия, биология, информатика, STEM және робототехника пәндері бойынша «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» семинар-практикумын өткізді.
Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығы «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған физика, химия, биология, информатика, STEM және робототехника пәндері бойынша «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» семинар-практикумын өткізді.
✨2026 жылғы 5-6 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасымен, Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының қолдауымен Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығы «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған физика, химия, биология, информатика, STEM және робототехника пәндері бойынша «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» семинар-практикумын өткізді.
🎯Семинар-практикумның мақсаты – зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың зерттеушілік және инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту.
🖋️Семинар-практикумның бірінші күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері Рыспеков Р.М., Кудабекова М., Сулейменова А.Б., Садыкова А.Ж. «Мектеп зертханасы жұмысының тетіктері: жабдықтаудан бастап қауіпсіздікке дейін» тақырыбында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне тоқталды. Сандық, виртуалды зертханалар мен симуляторларды тиімді пайдалану тәсілдерін көрсетті. Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназия» КММ педагогтері Ибраева А.А., Абдоллаева С.М.. Бастосова К.М., Кунусова М.О., Мухамедярова Г.Ж., Садуакасова К.С.«Зертханалық және практикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.
Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Адильжанова Д. А. «Оқу бағдарламасын жоспарлау сабақтастығы мен бірізділігі: деңгейлес (көлденең) және сатылас (тік) тәсілдер» тақырыбында педагогтерге тиімді сабақты ұйымдастыру үшін көлденең және тігінен жоспарлау тәсілдерінің маңыздылығына тоқталды.
2) Семинар-практикумның екінші күні Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Пак В.С. «Алмастырудан трансформацияға дейін: SAMR және TPACK модельдері цифрлық құралдарды сабаққа саналы түрде кіріктіруге қалай көмектеседі» тақырыбында оқу тапсырмаларын модельдер көмегімен құрастыру тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-практикумның «Білім беру тәжірибесіндегі жасанды интеллект: педагогикалық сценарийлер, мүмкіндіктері және сабақта ЖИ қолданудың шектеулері» бөлімінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері Сүлейменова Г.А., Сулейменова А.Б., Советбекова А.К., Соболева А.Н., Оразбаева Д.А., Таяпбергенова А.М., Соринкин Е.С., Какенов А.Т., Камбелова У.У., Баркова А.А., Нуркешева Д.М., Смагулова Н.Т., Омарбекова К.А. практикалық жұмыстар көрсетті.
Семинар-практикум барысында қатысушылардан ұсыныстар қабылданып, кері байланыс орнатылды.
Қорыта келгенде, мектеп зертханалары - оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, оларды өмірлік мәселелерді шешуге қабілетті, жауапкершілігі жоғары, болашақ маман ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң екені ескеріліп, жаратылыстану пәні педагогтері үшін білім алушылар алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығы атап айтылды.
Комментариев нет
Просмотров: 9