Меню KDT

2026 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өткізілді.

2026 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өткізілді.


✨2026 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өткізілді.
🎯Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Абай облысынан конкурсқа 11 педагог қатысып, облысымыздың намысын қорғап, өздерінің педагогикалық идеяларымен бөлісті.
Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІ Дәрежелі Дипломымен:
Карамендин Олжас Сабитович, Семей қаласы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Турысбеков Мухтар Мажитович, Аягөз ауданы білім бөлімінің Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі;
ІІІ Дәрежелі Дипломымен:
Муканова Гульнара Тургалиевна, облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының бөлім басшысы;
Кудайбергенов Осиет Бейсенович, Аягөз ауданы білім бөлімінің С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директоры, тарих пәні мұғалім;
Кайранбекова Айнур Бақытжанқызы, Аягөз ауданы білім бөлімінің мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін № 6 мектебінің сынып жетекшісі, биология пәні мұғалімі;
Конырбаева Асель Калихановна, Аягөз ауданы білім бөлімінің № 5 жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі;
Бекболатқызы Ақмарал, Семей қаласы білім бөлімінің № 6 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;
республикалық конкурста қол жеткен ерекше жетістігі үшін Шаяхметова Толғанай Серікқожақызы, Жарма ауданы білім бөлімінің Ақталақ би атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Грамотамен марапатталды.
🎉Республикалық конкурстың жеңімпазы атанған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 16
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 14.01.2026 в 17:25