🌟 Муканова Гульнара Тургалиевна, Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының білім беру менеджменті бөлімінің басшысы, «Mentor Hub: ауылда» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

🎯 Идеяның мақсаты: шағын жинақты мектептің 5–11 сынып білім алушыларына «Математика», «Ағылшын тілі», «Физика», «Химия», «Биология» пәндерін қашықтан оқытудың кешенді жүйесін ұсыну.
📘 Педагогикалық идеяның мазмұны:
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын өңірдің ерекшелігіне бейімдей отырып жүзеге асыру.
«Mentor Hub: ауылда» – білім беру саласындағы инновациялар мен пилоттық жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді шешудің тиімді тетігі. Тірек мектебі мен шағын жинақты мектептердің сабақ кестесі өзара сәйкестендіріліп, бірлесіп құрылып, бекітіледі. Пән мұғалімдері ортақ мерзімді жоспар негізінде күрделі тақырыптарды іріктеп, күнтізбелік және қысқа мерзімді жоспарларды бірге әзірлейді, сабақ сілтемелерін дайындайды және цифрлық құралдарды нақтылайды.
💡 Жаңашылдығы мен тиімділігі:
«Mentor Hub: ауылда» жобасы жергілікті бюджет есебінен тірек мектептердің қашықтан сабақ беретін педагогтеріне үстемеақы төлеуге бөлінетін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Бірлесе – мектепте» қағидаты аясында педагогтердің мектепаралық тәжірибе алмасуы арқылы пәндік құзыреттіліктері артады.
📢 Жобаны насихаттау:
Идеяның жаңашылдығы мен тиімділігі, сондай-ақ жобаны үйлестіру барысында туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары 2025 жылғы сәуір айында өткен «Тірек мектебі: білім берудегі өзгерістерді басқару көшбасшысы» атты республикалық workshop алаңында ұсынылды. Педагогтер өз тәжірибелеріне цифрлық технологияларға негізделген оқытудың жаңа форматтарын енгізді.
🏫 Қорытынды:
«Mentor Hub: ауылда» педагогикалық идеясы – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және ауыл мектептеріндегі педагогтердің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тиімді әрі өзекті бастама.
Комментариев нет
Просмотров: 35