Меню KDT

🏅 Кудайбергенов Осиет Бейсенович, Аягөз ауданы білім бөлімінің С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, тарих пәні мұғалімі, «Алтын асық» тарихи ойыны» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

🎯 Идеяның мақсаты: қазақ хандарының тарихын, ел басқарудағы тәжірибесін және ұлттық құндылықтарды ойын арқылы терең меңгерту.
📚 Педагогикалық идеяның мазмұны:
«Алтын асық» – қазақ хандары шежіресін оқытуға арналған интерактивті тарихи ойын. Негізгі бағыттары: хандар шежіресін жүйелі үйрету, ұлттық құндылықтарды дамыту, тарихи тұлғаларды тану және сыни ойлауды қалыптастыру. Монополия форматындағы ойында тапсырмалар, сұрақтар мен дилеммалар арқылы білім беріледі. Топтық жұмыс пен пікірталас білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Әр бөлімнің соңында жасырылған сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинап, келесі кезеңге өтеді.
🔎 Өзектілігі:
• ойынның заманауи және интерактивті сипаты;
• жасанды интеллект пен QR-кодтарды қолдану арқылы тарихты меңгерту;
• кез келген оқу кабинетінде қолдануға ыңғайлылығы;
• білім алушылардың тұлғалық, патриоттық және танымдық қасиеттерін дамытуға бағытталуы.
🏛 Қорытынды:
«Алтын асық» ойыны – білім алушыларға қазақ хандарының шежіресін, тарихи оқиғаларды, ел басқарудағы ерекшеліктері мен билік жүйесін тиімді меңгертудің заманауи құралы ретінде ұсынылады.

Комментариев нет
Просмотров: 32
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 19.01.2026 в 17:41