🏅 Конырбаева Асель Калихановна, Аягөз ауданы білім бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі, «STEM-квест арқылы ұлттық қолданбалы өнер мен тігін технологиясын оқыту: ұлттық нақыштағы оқушы аксессуарларын жасау» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.

🎯 Идеяның мақсаты: STEM-квест әдісін пайдалана отырып, білім алушыларға тігін технологиясы мен ұлттық қолданбалы өнер негізінде практикалық дағдыларды үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру.
🧵 Педагогикалық идеяның мазмұны:
STEM-квестте алдымен білім алушылар материалдар мен аксессуар түрін таңдап, ұлттық ою-өрнек үлгілерін зерттеді. Келесі кезеңде топтық жұмыс арқылы болашақ бұйымның дизайны жасалып, модульдік элементтер жоспарланды. Практикалық кезеңде тігін технологиясы, аппликация, киізді құрғақ басу, матаға немесе былғарыға арналған бояумен өрнек салу әдістері қолданылды. Қорытынды кезеңде жасалған өнімдер қорғалып, өзара бағалау жүргізілді. Ұлттық нақыштағы түрлі аксессуарлар мектептегі көрмелерде, мерекелік іс-шараларда және күнделікті қолдануға арналған бұйым ретінде пайдаланылды.
✨ Атап айтқанда, «Тұмар» стиліндегі мини-пенал, «Шолпы» стиліндегі және «Киіз үйдің шаңырағы» бейнесіндегі брелоктар, «Абыз өрнек» цилиндрлі брелок-пенал, «Қызғалдақ» стиліндегі шашқа арналған резеңке және «Тұмарша» стиліндегі ұлттық брошка әзірленді. Бұл бұйымдарда қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері заманауи элементтермен үйлестірілді. Кейбір аксессуарларға QR-код немесе AR-технология енгізіліп, интерактивті сипат беріліп, цифрлық сауаттылықты арттыруға ықпал етті.
💡 Жаңашылдығы мен тиімділігі: STEM-квест әдісін ұлттық қолданбалы өнермен кіріктіре отырып, модульдік, жеке стильдегі аксессуарлар жасауында. Сонымен қатар QR-код және AR-технологияларды қолдану арқылы шығармашылық жұмыстарға заманауи мазмұн енгізілді. Әр бұйым жеке идея мен талғамға сай жасалып, ұлттық ою-өрнекке өзіндік мағына бере алды.
🌿 STEM-квест арқылы ұлттық қолданбалы өнер мен тігін технологиясын оқыту – білімді тәжірибемен ұштастыратын, ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын және заманауи білім беру талаптарына толық жауап беретін тиімді педагогикалық идея. Ұсынылып отырған тәжірибе білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ұлттық мәдени мұраны сақтауға және болашақта инновациялық ойлайтын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Комментариев нет
Просмотров: 26