Меню KDT

#ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.

9–11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру, заң талаптарын сақтауға үйрету, құқық бұзушылықтың салдары туралы түсінік қалыптастыру.Кездесуге арнайы шақырылған мамандар: – полиция аға-лейтенанты Ақжол Қуандықұлы; – Ақтау қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Есетов Ғалымжан Айдосұлы. Қонақтар өз сөздерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік, буллинг, вейп, алкоголь мен есірткінің зияны туралы нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ заңды білудің, өз құқығы мен міндетін түсінудің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды тәртіптілікке, жауапкершілікке және құқыққа құрметпен қарауға шақырды. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік жағдайларда заң талаптарын қалай сақтау керектігі жөнінде нақты жауаптар алды. Кездесу ашық әңгіме форматында өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Қорытынды: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбындағы алдын-алу шарасы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жауапты азамат ретінде тәрбиелеуге оң ықпал етті. #заңжәнетәртіп #заңментәртіп


Комментариев нет
Просмотров: 34
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 21.01.2026 в 11:16