Меню KDT

20 қаңтар күні даярлық сыныбының тәрбиеленушілерімен психологиялық қолдау көрсету және тұлғалық дамуын арттыру мақсатында «Өмірге қуанышпен қадам» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, өз сезімдерін еркін білдіру, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту көзделді.


Тренинг кезінде балалар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Жаттығулар балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жағымды эмоция қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында балалардың көңіл-күйі көтеріліп, тренингтен жағымды әсер алғаны байқалды. Өткізілген тренинг даярлық сыныбы тәрбиеленушілерінің психологиялық дамуына оң ықпал етті. Жауапты маман: Бүркіталина А.Т.


Комментариев нет
Просмотров: 46
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 23.01.2026 в 09:39