Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған кездесу ұйымдастырылды. Ол «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚО филиалының жетекшісі Жанат Мұхамеджановтың қолдауымен, ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК педиатр-дәрігері Арман Батырғалиұлы Башыровпен өтті. 🩺 Кездесу барысында Арман Батырғалиұлы өзінің кәсіби қызметі, емхананың жұмыс ерекшеліктері туралы әңгімелеп, оқушыларды денсаулық сақтау жүйесінде ұсынылған медициналық мамандықтар мен бағыттармен таныстырды. 🎓 Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпаратқа ерекше назар аударылды. Дәрігер талапкерлерге қойылатын жалпы талаптар, қабылдау кезеңдері және еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында оқудың ерекшеліктері туралы айтып, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. 💬 Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ақпараттық-профилактикалық сипатта болды және оқушылардың болашақ мамандық таңдауы туралы түсініктерін кеңейтуге зор пайдасын тигізді.
Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған кездесу ұйымдастырылды. Ол «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚО филиалының жетекшісі Жанат Мұхамеджановтың қолдауымен, ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК педиатр-дәрігері Арман Батырғалиұлы Башыровпен өтті.
Комментариев нет
Просмотров: 28