Меню KDT

«Құқық балалар көзімен» атты сурет байқау


#Адал_азамат
#Заң_және_тәртіп
#Заң_балалар_көзімен
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде мектебімізде «Құқық балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты: білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру, сондай-ақ әділдік, жауапкершілік пен тәртіп сияқты маңызды құндылықтарды насихаттау.
Оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы заңды қалай түсінетінін, әділетті қоғамды қалай елестететінін көркем түрде бейнелей алды. Байқауға ұсынылған суреттер шынайылығымен, мазмұндылығымен және ой тереңдігімен ерекшеленді.
Бұл байқау балалардың құқықтық санасын дамытуға, өз ойларын еркін жеткізуіне және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына үлкен үлес қосты.


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 23.01.2026 в 15:27