Заң және тәртіп
"Заң және тәртіп" тақырыбында тренинг өтті
2026 жылдың 13 қаңтар күні мектебіміздің 5 «А» сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты -оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, «заң» және «тәртіп» ұғымдарының маңыздылығын түсіндіру; мектеп жарғысы мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін сақтауға баулу, жауапкершілік сезімін дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тренинг барысында «Интервью» интерактивті әдісі қолданылды. Оқушылар «Журналист» және «Заңгер» рөлдеріне бөлініп, мектептегі тәртіп пен заңдылық мәселелерін талқылады. Сұрақ-жауап форматында өткен бұл әдіс балаларға түрлі жағдаяттарды саралап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Комментариев нет
Просмотров: 27