⚜️ Қазіргі білім беру кеңістігінде функционалдық сауаттылықты дамыту - уақыт талабы. Осы орайда оқыту үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді енгізу педагогтердің кәсіби ізденісінің маңызды бағытына айналуда.
Отырыс барысында жасанды интеллект технологияларын, онлайн-платформаларды, интерактивті сервистер мен білім беру қосымшаларын пайдалану арқылы оқу сауаттылығын, математикалық және цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Қауымдастық мүшелері функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгілерімен және жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Барлық баяндамалар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды қолданудың бірізді әрі тиімді тәсілдерін қалыптастыруға бағытталды.
Комментариев нет
Просмотров: 3