Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заң мен тәртіптің мызғымас сақталуымен тығыз байланысты.
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заң мен тәртіптің мызғымас сақталуымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарын насихаттау аясында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде 2026 жылғы 30 қаңтарда КММ «Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі» базасында 8–9 сынып оқушыларына арналған «Заң бәріне ортақ» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен әрі саналы көзқарас қалыптастыру. Іс-шара барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық талдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоғам өміріне белсенді азаматтық қатысудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.