Меню KDT

Ыбырай идеясы – өткеннің емес, бүгіннің бағдары


🔹Мектебімізге ерекше рухани серпін сыйлаған маңызды кездесу өтті 📚✨
2026 жылғы 29 қаңтар күні 9-10 сынып оқушылары арасында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай идеясы – өткеннің емес, бүгіннің бағдары» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ұлт ағартушысының білім, тәрбие, еңбек және адамгершілікке негізделген құнды идеяларының бүгінгі қоғам мен мектеп өміріндегі өзектілігі кеңінен талқыланды. Бұл басқосу мектебіміз бен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасы арасындағы ғылыми-әдістемелік, педагогикалық сабақтастықты айқындай түсіп, университеттік ғылым мен мектептегі ізденісті бір арнаға тоғыстырған тағылымды алаң болды. @qa_kafedrasy
Ісшараның құрметті қонақтары: философия докторы (PhD), «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы, ақын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы – Жалелов Дәулет Серікұлы және алаштанушы ғалым, жас ізденуші, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты – Ихсан Данияр Маратұлы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында оқушылар ұлттық құндылыққа сүйенген азаматтық ұстанымын нығайтып, сыни ойлауын дамытып, пікір айту мәдениетін сақтай отырып, сұрақ-жауап арқылы еркін талқылау жүргізді, ал ұстаздар мен қонақтар ағартушылық мұраны қазіргі білім беру үдерісімен сабақтастырудың тиімді жолдарын ортаға салды. Сондай-ақ Ыбырайдың ағартушылығындағы адам тәрбиесі, мораль мен жауапкершілік, «Білім + еңбек + мінез» үштағаны, Ыбырай идеясы мен Алаш ағартушылығының сабақтастығы, ұлттық мектеп, тіл, ұлт санасы секілді ауқымды тақырыптар қозғалды.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен мәнді пікір үшін алғыс айтамыз! 🤝💬


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: 83mektep
Сайт: 83mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 30.01.2026 в 20:50