9-сынып оқушыларымен мемлекеттік емтихан туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 2 ақпанда «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтиханның өткізілу тәртібі мен талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 2 ақпанда «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтиханның өткізілу тәртібі мен талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мемлекеттік емтихан ережелерімен таныстыру және олардың дайындық деңгейін арттыру.
Кездесу барысында мемлекеттік емтиханның өткізілу мерзімі, пәндер тізімі, бағалау жүйесі және емтихан кезінде сақталуы тиіс талаптар туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушыларға емтиханға тиімді дайындалу жолдары мен психологиялық дайындық бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.
Аталған түсіндіру жұмыстары оқушылардың мемлекеттік емтиханға деген жауапкершілігін арттырып, олардың өз білімдеріне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталды.