Меню KDT

Қамқоршылар күніне арналған алғыс білдіру шарасы 🌸


Бүгін мектебімізде Қамқоршылар күніне орай ата-аналарға арналған алғыс білдіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ата-аналарға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталып, жемістер сыйға тартылды.

Бұл игі дәстүр – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың тәрбиесі мен дамуына үлес қосып жүрген ата-аналарға деген құрмет пен ризашылықтың көрінісі болып табылады.

Мектеп әкімшілігі барлық қамқоршы ата-аналарға балаларымыздың білім мен тәрбие жолындағы қолдауы, қамқорлығы және серіктестігі үшін шын жүректен алғыс білдіреді! 💐


Комментариев нет
Просмотров: 43
Автор: 65mektep
Сайт: 65astana-bilim.edu.kz
Добавлено: 04.02.2026 в 11:47