Бүгін мектебімізде МИФ апталығының аясында «Менің жобамдағы жасанды интеллект»тақырыбында қалалық “ғылыми-зерттеу жобалар” конференциясы өтті.
Оқушылар әртүрлі пәндерде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін зерттеп, өз ғылыми жұмыстарын тамаша қорғап шықты.
🔍 Жобалар барысында балалар:
– AI-дың оқу үдерісіндегі пайдасын;
– ғылым мен техникадағы рөлін;
– күнделікті өмірді жеңілдетудегі мүмкіндіктерін көрсетті.
Қатысушылардың ғылыми қызығушылығы мен ізденісі ерекше әсер қалдырды.
Жас зерттеушілерімізді құттықтаймыз! 👏
Жаңа идеяларға толы жарқын жобалар көп болсын! ✨
Комментариев нет
Просмотров: 64