Меню KDT

Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің асхана жұмысына бракераж комиссиясы тексеру жүргізді.

2026 жылғы 4 ақпанда Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің асхана жұмысына бракераж комиссиясы тексеру жүргізді.Бракераж комиссия мүшелері мектеп директоры Б.Ш.Баймагамбетова, ата-ана комитетінің төрайымы Р.И.Султанова, мектеп медбикесі А.К.Жараспаева, әлеуметтік педагогтар А.Н.Байбулатова, А.К.Алгожина.Тексеру барысында асхана жұмысының ұйымдастырылу тәртібі, оқушыларға ұсынылатын ыстық тағамдардың түрлері мен сапасы қаралды.

Тексеру нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылғаны, оқушыларды сапалы әрі қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тұрақты бақылау жүргізілетіні анықталды. Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес келеді. Комиссия мүшелері асханаға қатысты құжаттарды қарап, өнімдерге арналған сертификаттарды тексерді. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сертификаттарды уақтылы ауыстыру қажеттігі ескертілді. Асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен уақытында өтіп отыруы туралы нұсқау берілді.Сондай-ақ, желінбей қалған тағамдар мен тағам қалдықтарын есепке алу журналының уақтылы әрі тұрақты түрде жүргізілуі қажеттігі атап өтілді.

Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: b0915skobilim
Сайт: nksh3-sko.edu.kz
Добавлено: 05.02.2026 в 14:14