Меню KDT

ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» МОДЕЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» МОДЕЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» МОДЕЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 23 қаңтар күні жеке меншік білім беру ұйымдары педагогтерінің қатысуымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының моделі жеке меншік білім беру ұйымдарында..»тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен әлеуметтік жобаларын жеке меншік білім беру ұйымдарында жүзеге асыру, білім беру ұйымдарының тәжірибесін тарату және жүйелеу.
Іс-шара барысында:
- тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тетіктеріне;
- мектептің тәрбие жүйесіндегі құндылықтарға негізделген жұмыстарға;
- озық тәжірибелер мен практикалық кейстерге;
-“INNOVERSE SEMEY”, “Abai IT School” , “ZEREK Semey” , «Bright Futures School», «Semey new school» мектептері бағдарлама аясындағы басымдылықтарға тоқталды..
Семинар аясында, жеке меншік білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы орынбасарлары білім беру ұйымдарындағы ерекшеліктерді таныстыра келе, өзара мазмұнды пікір алмасып, тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен бөлісті.#адал_азамат_абай_облысы


Комментариев нет
Просмотров: 8
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 01.02.2026 в 15:47