БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ» ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ» ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ» ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ
2026 жылғы 30 қаңтарда Бесқарағай ауданында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, құқықтық мәдениетті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен «Ұрпақ жүрегіне жол» облыстық тимбилдингі ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шара аясында шығармашылық топ өкілдері Бесқарағай ауданының педагогтері, ата-аналары, білім алушылары (студенттер), сондай-ақ “Даналық” мектебінің өкілдерімен бірлесе отырып , 13 түрлі алаңда жүйелі жұмыстар жүргізді. Тимбилдингке 400-ге жуық адам қатысып, тәрбие мен жауапкершілікке негізделген ортақ диалог алаңы қалыптасты.
Іс-шара барысында ұрпақ тәрбиесіндегі төрттік одақтың (мектеп – отбасы – қоғам – білім алушы) шешуші рөлі жан-жақты талқыланып, нақты өмірлік кейстер арқылы өзекті мәселелер сараланды. Қатысушылар жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас орнату, алдын алу тетіктерін күшейту және ортақ жауапкершілікті сезіну бағытында өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында топтық тапсырмалар, психологиялық жаттығулар, интерактивті ойындар мен ашық диалогтік алаңдар ұйымдастырылды.
Осындай тағылымды кездесулер - қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың берік іргетасын қалыптастырудағы маңызды бастамаға айналары анық.
Комментариев нет
Просмотров: 13