Меню KDT

⚡ 2026 жылғы 20 қаңтар күні «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Педагогикалық қауымдастықтар бірлігі – арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізі» атты облыстық кәсіби қауымдастық отырысы өтті.

Вебинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің өзара ынтымақтастығын нығайту, озық тәжірибелермен алмасу және инклюзивті орта қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау.
Вебинарға арнайы және инклюзивті білім беру бағытындағы облыстық қауымдастық жетекшілері мен мүшелері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері мен тәрбиешілер қатысты.
Іс-шара барысында облыстық инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Г.Р. Увалиева «Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» атты жаңа әдістемелік нұсқаулықты таныстырып, оның практикалық маңызына тоқталды.
«Алтын бесік» балабақшасының педагог-психологі, мектепке дейінгі ұйымдар бойынша облыстық қауымдастық жетекшісі Абдылхаир Динара Асхатовна «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі арнайы педагогтің орны», арнайы мектеп интернаттар бойынша қауымдастық жетекшісі Маржан Жумабековна Каримова «Арнайы білім беру мекемелерін дамытудың стратегиялық бағыттары», жалпы білім беретін мектептердің қауымдастық жетекшісі Асемгуль Оразгалиевна Акпамбаева «Пән мұғалімдері мен арнайы педагогтердің ынтымақтастығы – тиімді инклюзивті тәжірибе негізі», ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша қауымдастық жетекшісі Мәулітова Жанерке Мәулітқызы «ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: тәжірибе және даму жоспарлары» тақырыбында инновациялық әдістер мен жаңа тәжірибелерді ортаға салды. Пән мұғалімдері мен арнайы мамандардың бірлескен әрекеті – сапалы білім берудің басты кепілі ретінде қаралды.

Іс-шара барысында арнайы және инклюзивті білім берудегі командалық жұмыстың маңызы және педагогикалық қауымдастықтардың кәсіби дамудағы рөлі қарастырылады. Қатысушылар білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кәсіби алаң болды.

Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 04.02.2026 в 16:29