Меню KDT

⚡Тарих пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті. Тақырыбы: «Тарих пәні мұғалімінің заманауи тәжірибесі: зерттеушілік әдістер мен белсенді оқыту жолдары»

🎯Мақсаты: Пән қауымдастығы аясында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби өзара іс-қимылын жандандыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытатын зерттеушілік әдістер мен белсенді оқыту жолдары бойынша озық тәжірибе алмасу, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Іс-шара басында жауапты әдіскер А. А. Айтказина қазіргі білім берудегі тақырыптың өзектілігіне және мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу кезіндегі әдістемелік көмек түрлеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар А. Е. Радионов (Семей қаласы, «№ 50 ІТ мектеп-лицейі» КММ), С.К. Иргизбаева (Семей қаласы, «№ 48 ЖОББМ» КММ), Е. К. Смагулов (Аягөз ауданы, «№1 ЖОБ аралас мектебі» КММ), А. Б. Оразгалиева (Көкпекті ауданы, «Үлкенбөкен орта мектебі» КММ) және С. А. Бутабаев (Үржар ауданы, «Б.Турлыханов атындағы мектеп-бақшасы» КММ) тәжірибе бөлісті. Отырыс соңында қатысушылар пән қауымдастығының жұмысына, педагогтердің авторлық әзірлемелері және т.б сұрақтарына толық жауап алып, өзара кері байланыс орнатты.

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 06.02.2026 в 17:55